Еуроодақта Шенген келісімі талаптарын қайта қарау ұсынылды

Еуроодақта Шенген келісімі талаптарын қайта қарау ұсынылды
TRT

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ ішкі істер министрлерінің бейресми кездесуінің алдында ЕО-ның сыртқы шекараларын бақылайтын Шенген аймағы кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл көші-қон проблемасының шиеленісуіне және Еуропаға қауіп төндіретін терроризмге байланысты» – деп түсіндірді ол. Бұл идеяны Ішкі істер жөніндегі еуропалық комиссар Илва Йоханссон қолдады. Ол өзі де желтоқсан айының ортасында Еуропа шекараларының қауіпсіздігін нығайту мақсатында Шенген аймағын реформалауды ұсынған-ды. Frontex мәліметі бойынша 39 миллион адам Шенген аймағының ақпараттық жүйесі арқылы тексеруден өтпей Еуропалық одаққа кірген.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Шенген кеңістігін басқаруға ЕО Кеңесі, ішкі істер және әділет министрлері жауап береді.