Арменияда президент сайлауы наурызда өтеді

Арменияда президент сайлауы наурызда өтеді
Егемен Қазақстан

Арменияның жаңа президенті қашан сайланатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел парламентінің 65 депутаты бұл қызметке жоғары технологиялық индустрия министрі Ваагн Хачатурянды ұсынды. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян үкімет отырысында мәлімдеді. Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Негізгі себеп ретінде ол мемлекет басшысына сыртқы және ішкі саясаттың түбегейлі процестеріне әсер етуге мүмкіндік беретін тиісті өкілеттіктердің жоқтығын атап өткен болатын. Ал қазір президенттің міндетін уақытша Парламент спикері Ален Симонян атқаруда.

Айта кетейік, Армения президентін Парламент жеті жыл мерзімге сайлайды. Сайлау республика президентiнiң бос лауазымы ашылғаннан кейiн 25 күннен ерте емес және 35 күннен кешiктiрiлмей өткiзiледi.