COVID-19: Ресейде жаңа антирекорд тіркелді

COVID-19: Ресейде жаңа антирекорд тіркелді

Ресейде коронавирусты жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді.

Мұнда тәуліктік өсім алғаш рет 180 мыңнан асып кетті. Науқастардың көбі Мәскеу, Санкт-Петербург және Мәскеу облысында анықталған. Дәрігерлер тәуліктік өсімнің осылай күрт артып кетуін тез жұғатын омикронмен байланыстырады. Қазір 5 науқастың төртеуінен осы штамм анықталып жатыр. Мамандар Ресей халқының шамамен 20 процентінде коронавирус еш белгісіз өтіп жатқанын хабарлайды.

Кешеден бері елде вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар үшін карантин алынып тасталды. Сонымен қоса науқастарды ауруханадан шығару ережелері де өзгерді. Енді коронавируспен ауырған адам 7 күннен артық ем қабылдаса, одан қайта ПТР-тест тапсыру талап етілмейді.