АҚШ әскері Польшаның Жевуш қаласына жетті

АҚШ әскері Польшаның Жевуш қаласына жетті

АҚШ әскері Польшаның Жевуш қаласына жетті.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар елдің оңтүстік шығысындағы Украинамен шектесетін аймақта орналаспақ. Жуырда ресми Вашингтон Польшаға 1 мың 700 күшін жөнелтетінін хабарлаған болатын. Айтуынша, америкалық әскер Украинаға кіргізілмейді. Тек НАТО-ның шығыстағы қорғанысын күшейтеді.

Айта кетейік, Украинаға қатысты жағдайдың ушығуына байланысты Құрама Штаттар 2 мың сарбаз бен офицерін Еуропаға жіберуге шешім қабылдаған болатын. Оның бір бөлігі Польшада болса, қалғандары Румыния мен Германияға орналаспақ.