Лондонда орхидея көрмесі өтіп жатыр

Лондонда орхидея көрмесі өтіп жатыр

Лондонда ерекше көрме өтіп жатыр.

Шаһардағы жылыжайға 5 мың орхидея қойылған. Көздің жауын алатын гүлдер Коста-Рикадан жеткізіліпті. Айрықша композицияны құруға 1 айдай уақыт кеткен. Көрме 5 наурызға дейін созылады. Гүлдерден басқа, мамандар Коста-Рикада тіршілік ететін жануарлардың да бейнесін көркемдеді. 

Майкл Фэй, ғылыми қызметкер:

– Әлемде орхидеяның шамамен 28 мың түрі бар. Оның 2 мың түрі ғана ерекше қорғауға алынған. 14 мыңнан астамына жойылу қаупі төнген.