Ресейліктер шетелге КВИ вакцинасын алуға баратын болды

Ресейліктер шетелге КВИ вакцинасын алуға баратын болды
Хабар 24

Ресейдің туризм индустриясы одағы осы жылдың басынан бастап вакциналық турларға сұраныс 12 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік препаратпен егілу үшін айына он мыңдаған Ресей азаматы шетелге барады. «Біздің статистикамыз өткен жылы вакциналық туризм мақсатында Ресей Федерациясынан 20 мыңнан астам адам шетелге кеткенін айтады. Қазір ай сайын вакциналық турларға кемінде 10 мың адам барады. Сондай-ақ өздігімен кетіп жатқаны қаншама. Бұл жеке сапарлар, жұмыс, оқу және туризм үшін Еуропалық сертификатқа мұқтаж адамдар», – деп түсіндірді РСТ вице-президенті Юрий Барзыкин. Еуропадағы танымал бағыттардың ішінде: визасыз – Сербия; визалармен – Хорватия, Болгария, Греция, Германия. ТМД елдерінен – Армения. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 9 қаңтарынан бастап Pfizer вакцинасын Түркияда алуға болады.