Украинада вакцина салдырушыларға смартфон беріледі

Украинада вакцина салдырушыларға смартфон беріледі

Украинада жасы алпыстан асқан вакцина салдырушыларға смартфон беріледі.

Бұдан бөлек, оларға ұялы байланыс қызметіне жеңілдік жасалады. Осылайша ел билігі бір оқпен екі қоян атуды көздейді. Яғни, қарттарды вакцина салдыруға ынталандырады. Екіншіден, олардың цифрлық сауатын аша түседі.

Еске салайық, Украинада қазір екпенің екі дозасын қабылдаған азаматтарға 1 мың гривна төленеді. Бұл шамамен 15 мың теңге.