Мексикада 300 кг кокаин тәркіленді

Мексикада 300 кг кокаин тәркіленді
korrespondent.net

Мексиканың орталық бөлігіндегі Сан-Луис Потоси штатында әскерилер және полицейлер кокаиннің үлкен партиясын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Қара нарықта партияның құны 150 миллион песодан асады (шамамен 7,3 миллион доллар).

Қос түбі бар автоцистернаны тексеру кезінде қауіпсіздік күштері жалпы салмағы 300 келі болатын тыйым салынған заты бар 278 пакетті тапты. Көлік жүргізушісі қамауға алынды.