Үндістанға келген турист карантинде отырмайды

Үндістанға келген турист карантинде отырмайды

Мұндай тәртіп ақпанның 14-інен басталады. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ережеге сай шет елден келген мейман екі апта бойы өз денсаулығын өзі қадағалап отыруы керек. Егер аурудың қандай да бір белгілері пайда болса, шұғыл дәрігердің көмегіне жүгінуі тиіс. Сонымен қатар елге кіргеннен кейін 8 күні ПТР-тест тапсырудың да қажеті жоқ. Алайда саяхатшы сапарға шығар алдында вакцинаның бар жоғын растайтын төлқұжат пен соңғы 72 сағат ішінде тапсырылған тесттің теріс нәтижесін ұсынуы шарт. Қазақстандықтар вакцина төлқұжаты арқылы да Үндістанға бара алады.