ДДСҰ: Індет аяқталды деуге әлі ерте

ДДСҰ: Індет аяқталды деуге әлі ерте

Коронавирус індеті аяқталған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта әлемде covid-19-дың көптеген жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Бұған дейін аталған ұйымның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге әлем елдері коронавирустың қиын кезеңінен биыл шығуы мүмкін екенін айтқан еді. Бірақ ол үшін науқастар өз-өзін оқшаулап, карантиндік талаптарды орындауы қажет деген.