Канадалық жүргізушілерді қолдау шарасы өтті

Канадалық жүргізушілерді қолдау шарасы өтті

Парижде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Оған ереуіл себеп. Қаладағы тәртіпті қадағалау үшін күштік құрылымның 7 мыңнан аса қызметкері тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акциясының қатысушылары коронавирусқа қарсы шектеу шараларын алып тастауды талап етіп отыр. Олар осылай канадалық жүк көлігі жүргізушілеріне қолдау білдірген. Канадалықтар қаңтардың соңынан бері биліктен шектеу шараларын алып тастауын сұрап, ереуілдер ұйымдастырып келеді. Қолдау шаралары Франциядан бөлек басқа елдерде де өткен. Мәселен, Австралия астанасында парламент ғимараты алдында 10 мың адам жиналған. Жаңа Зеландияда наразылық шарасына қатысқан 100 адам қамауға алынды.