АҚШ-та әзірге бүлдіршіндерге екпе салынбайды

АҚШ-та әзірге бүлдіршіндерге екпе салынбайды

АҚШ-та жасы 5-ке толмаған балалар әзірге коронавирусқа қарсы вакцина алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар тобы келесі аптаның басында осы мәселеге қатысты кездесу өткізу керек еді. Алайда құзырлы органдар бүлдіршіндерге вакцина салдыруға рұқсат беру шешімін кейінге шегеруді ұйғарған. Өйткені Pfizer препаратына қатысты қолда бар мәлімет жеткіліксіз дейді. Өндірушінің қосымша деректері сәуірдің басында дайын болады деп күтіліп отыр. АҚШ-та қазір жасы 5-тен асқан балалар мен ересектердің барлығы коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады.