Чилиде бір реттік қолдануға арналған ыдысты сатуға тыйым салынды

Чилиде бір реттік қолдануға арналған ыдысты сатуға тыйым салынды

Чилиде енді мейрамханалар мен дүкендерде бір реттік қолдануға арналған пластик ыдыс сатылмайды.

Елде бүгіннен бастап тиісті заң күшіне енді. Негізі бір реттік қолдануға арналған ыдысты адам бірнеше минут қана қолданады. Ал оның экологияға зияны орасан дейді мамандар. Негізі жергілікті биліктің бұл заңды қабылдауы бекер. Себебі 2018 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Чили пластик қалдықтары бойынша Латын Америкасы елдерінің ішінде екінші орында тұр. Бірінші орында  - Мексика.  

Марсело Фернандес, Чилидің қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары:

– Осы заң жобасының арқасында жылына пластик қалдықтың мөлшерін 23 тоннаға дейін азайтамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл қоршаған ортаны ластауды төмендету бойынша айтарлықтай жетістік болар еді.