Украина шұғыл отырыс өткізуге шақырды

Украина шұғыл отырыс өткізуге шақырды

Украина 48 сағат ішінде Ресей және 2011 жылғы Вена құжатына қол қойған барлық мемлекеттің шұғыл отырысын өткізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Украина шекарасы маңында Ресей әскерінің шоғырлануын талқылауды ұсынып отыр. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді. Оның айтуынша, Киев Мәскеуден Украина аумағына жапсарлас жатқан Ресей аймақтарындағы әскерлердің қозғалысына қатысты түсініктеме беруді сұраған. Бірақ әлі жауап алмаған.

Айта кетейік, Вена құжаты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 2011 жылы қабылданған. Ол осы ұйымға мүше елдер арасында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған.