Испанияда қонақ үйде өрт шықты

Испанияда қонақ үйде өрт шықты

Испанияның Барселона қаласындағы қоақүйлердің бірінде өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 1 адам мерт болып, тағы 8-і түрлі жарақат алған. Бірнеше адам ауыр халде ауруханаға түсті. Қызыл жалыннан қашқан іштегі меймандар терезеден секіре бастаған. Кейбіреулерін мамандар эвакуациялады. Өрттің шығуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр.