Түрікменстан басшысы өз ұлын президенттікке ұсынды

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов сайлауда Республика президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды.

Бұл туралы елдің демократиялық партиясының кезектен тыс съезінен кейін белгілі болды. Съезге қатысушылар оның кандидатурасын толық қолдаған. Айта кетейік, Түрікменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.