Ауғанстанда ұлттық ат спортының жаңа маусымы ашылды

Ауғанстанда ұлттық ат спортының жаңа маусымы ашылды

Ауғанстанда Бузкаши деп аталатын ұлттық ат спортының жаңа маусымы ашылды.

Дүбірлі дода Мазари-Шариф қаласының іргесіндегі атшабарда басталды. Оған бірнеше команда қатысады. Әр апта сайын тақымы мықты шабандоздар өзара тартысып, бақ сынасады. Бузкашидің өзіне келер болсақ, ол ауған жерінде кең таралған. Ойынның нағыз қызатын кезі көктем, күз кездері. Бірақ былтыр билікке тәліптер келіп, Ауғанстан экономикалық дағдарысқа ұшырағаннан кейін бұл ойынды өткізу  біршама қиындай түсті. Айта кетейін, 90-жылдардың соңында Талибан алғаш рет билік басына келгенде бұл ойын түріне тіпті тыйым салынған болатын.