Ресейде балаларды вакциналау науқаны күшейді

Ресейде балаларды вакциналау науқаны күшейді

Балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбі омикрон штамына шалдыққан. Дәрігерлер ковид-19, әсіресе балалар ағзасының жетілуі мен қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан жеткіншектерді коронавирустан қорғау көптеген елде нөмірі бірінші басымдыққа айналды. Ресейлік жеткіншектерге Sputnik M вакцинасы салынып жатыр. Екпені 12 мен 17 жас аралығындағы балалар салдыра алады. Ресей аймақтарына алғашқы партия 3 апта бұрын жеткізілген. Дәрігерлер жеткіншектер вакцинасына сұраныс жақсы дейді. Елдің Денсаулық министрлігі бұған дейін 40 мыңнан астам бала екпе қабылдағанын хабарлады.

Людмила Кирсанова, амбулатория бөлімінің басшысы:

– Әрине қоңырау көп түсіп жатыр. Вакциналауға ынта жоғары. Тек кезек болмас үшін алдын ала жазылу керек.

Sputnik M кәдімгі Sputnik V-дің құрамдас бөлігі, тек оған су 5 есе көп қосылады. Sputnik M 2 компоненттен тұрады. 16 жасқа дейінгі балалар салдырса, ата-анасының келісімі қажет. Соңғы 2 аптада Ресейде омикрон штамы қатты өршіп кетті. Елде 1 күнде 180 мың жаңа жағдай тіркелді.

Жасөспірім:

– Ауырмас үшін вакцина салдыру туралы шешім қабылдадым. Анам қолдады.