Бразилияда «Мектептегі вакцина» акциясы басталды

Бразилияда «Мектептегі вакцина» акциясы басталды

Рио-де-Жанейрода «Мектептегі вакцина» акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе 5 пен 11 жас аралығындағы оқушыларға салынып жатыр. Бір күннің өзінде 100 мың жеткіншек вакцина алған. Бірақ билік бұл жоспардан 2 есе аз дейді. Қазір ата-аналармен екпе салдырудың маңызына қатысты белсенді үгіт-насихат жұмысы жүріп жатыр.

Люсинда Морено Фрейре, мектеп директоры:

– 1 күнде оқушыларымыздың 47 проценті вакцина салдырды. Мектепте қауіпсіз жағдай тудыру үшін бұл көрсеткішті 53 процентке дейін арттыруды көздеп отырмыз.

Оқушы:

– Вакцина бізді құтқарады. Мен осыған сенемін.

Ата-Ана:

– Балаларымыз бен немерелеріміздің саулығы – мен үшін басты байлық.