Мексикада мигранттар ауыздарын жіппен тігіп, билікке наразылығын білдірді

Мексикада мигранттар ауыздарын жіппен тігіп, билікке наразылығын білдірді

Мексикада мигранттар үкіметтен виза мәселесін шешуді сұрап, ауыздарын жіппен тігіп, наразылық білдірді.

Мигранттар құжаттарын айлап күтетіндіктен жұмыс істей алмай отырғанына шағымданып жатыр. Салдарынан отбасыларын асырай алмай көп қиындықты бастан кешіп жатқандарын айтады. Жалпы Мексикада Оңтүстік және Орталық Америка елдерінен бас сауғалаған келімсектер түрлі мәселеге қатысты жиі нарзылық акциясын ұйымдастырады. Биліктің көңілін аудару үшін босқындар түрлі тәсілдер қолданады. +CHX

Уилберт Карденал, никарагуалық мигрант:

– Біздің бұл жерде қалғымыз келмейді. Сапарымызды жалғастыру үшін жергілікті биліктен қонақ немесе гуманитарлық визаны тез рәсімдеуді шешсе деп сұраймыз. Егер визасыз жүрсек полиция үнемі ұстап қысым көрсетеді.