Техас прокуратурасы Facebook-ті сотқа берді

Техас прокуратурасы Facebook-ті сотқа берді

Техас штаты Facebook желісіне иелік ететін Meta компаниясын сотқа берді.

Прокуратураның хабарлауынша, компания биометриялық деректердің құпиялылығы туралы заңды бұзған.

Яғни әлеуметтік желіге қолданушылардың суреттері мен видеоларын жинады және жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға берді деген айып тағылды. Бірақ Мета өкілдері мұны жоққа шығарып отыр.

Естеріңізде болса, 2020 жылы «Фейсбукке» дәл осындай шағым түскен еді. Сол кезде интернет-алып Иллинойстағы сот процесін реттеу үшін 650 миллион доллар төледі. Ал қазіргі іс бойынша әр заң бұзушылық үшін 25 мың доллардан айыппұл төлеуі мүмкін. Айта кетейін, Техас штатында шамамен 20 қолданушы бар.