Бразилияда жауын мен су тасқынынан 23 адам опат болды

Бразилияның Петрополис қаласында жауын селдетіп, тасқын жүріп 23 адам опат болды. Бұны жергілікті ақпарат көздері хабарлайды.

Рио-де-Жанейроның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан лай көшкіндері де  жүрген. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Шараға өрт сөндірушілерден бөлек әскерилер де жұмылдырылған. Ал мамандардың айтуынша, жаңбырдың шелектеп құйғаны соншалық жауын бір күнде айлық нормадан асып кеткен.