А.Гутерриш: БҰҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтағы мығым

А.Гутерриш: БҰҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтағы мығым

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымы арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деді. Оның айтуынша, аталған қос ұйым маңызды серіктес. Әсіресе терроризм, есірткі саудасы мен қылмыспен күресу сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында байланыс мығым.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық орнату БҰҰ қызметінің негізінде жатыр және ол ұйым Жарғысында бекітілген. Құрылтайшыларымыз бірде-бір ұйымның әлем бойынша бейбітшілікті, қауіпсіздікті пен дамуды жалғыз өзі қамтамасыз ете алмайтынын жақсы түсінген. Ол үшін аймақтық деңгейден жаһандық деңгейге дейінгі серіктестік қажет.