АҚШ Ресейге жаңадан санкция салуы мүмкін

АҚШ Ресейге жаңадан санкция салуы мүмкін

Ресей Украинаға басып кірмесе де АҚШ Мәскеуге қарсы жаңа санцияларды қабылдауы мүмкін.

Жуырда сенатор-республикашылдар жаңа шектеулерге бағытталған заң жобасын ұсынды. Тізімде "Солтүстік ағын-2" жобасының швейцариялық компания-операторы да бар. Құжатта екі ел арасындағы жағдай ушыққан жағдайда Киевке көрсетілетін қосымша көмек қарастырылған. Сонымен қатар  Ресей банктерімен байланысын үзбеген шетелдік қаржы ұйымдарының жұмысын шектеу де көзделген. Сенаторлардың жоспары жүзеге аса ма, жоқ па әзірге белгісіз. Дегенмен, қазір Конгрестің екі палатасы да демократтардың қарамағында.