Ресейдегі АҚШ елшісінің орынбасары еліне қайтарылды

Ресми Мәскеу бұл американдықтарға жауап ретінде қабылданған шешім екенін айтады.

Өйткені осының алдында Вашингтон Ресей елшілігінің кеңесші-елшісін кері қайтарған еді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, ресейліктер дипломаттың орнына басқа адам барғанша, АҚШ-та болу уақытын ұзартуын сұраған. Алайда Вашингтон бұл өтінішімізді ескермеді дейді.