Италия Ресейге қарсы санкция тізімінен энергетикалық секторды алып тастауды ұсынды

Италия Ресейге қарсы салынуы мүмкін санкциялар тізімінен энергетикалық секторды алып тастауды ұсынды.

Тиісті бастамадан кейін қазір Еуроодақтың өзге елдері де осындай мүміндікті қарастырып жатыр.

Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлайды. Өйткені энергетика саласына қатысты санкциялар Еуроодаққа мүше елдердің экономикасына кері әсер етуі мүмкін деген қауіп бар. Себебі одақ толығымен газ импортына тәуелді. Ал Ресей көгілдір отынның ірі тасымалдаушысы. Негізі Еуроодақ өкілдері Ресей Украинаға басып кіретін болса, Мәскеуге қарсы санкциялар жобасы дайын екенін ескертті.  

Жозеп Боррель, Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Қажет болса Ресейге қарсы жазалау шараларының жобасын ұсына аламыз. Біз санкциялар пакетін әзірлеп қойдық. Оны Еурокеңеске ұсынуға дайынбыз. Өйткені санкциялар салу-салмау жағын осы орган шешеді.