Бразилияда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 113-ке жетті

Бразилияда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 113-ке жетті

Бразилияның Петрополис қаласындағы лай көшкінінен қаза тапқандар саны 113-ке жетті.

Тағы 120-дай адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Табиғат апатынан 400 адамның баспанасы қираған. Құтқарушылар үйіндіні аршып, іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Аймақта 1932 жылдан бері болмаған жауын-шашыннан кейін лай көшкіні басталған. Синоптиктер 3 сағатта бір айлық мөлшерге тең жауын жауғанын хабарлады.

Лиза Торрес, жергілікті тұрғын:

- Бұндай сұмдықты алғаш рет көріп отырмын. Көп адам көшкіннің астында қалды. Досым екі қызынан, немерелері мен анасынан айырылып қалды.