Польшада дауылдан екі адам қаза тапты

Польшада дауылдан екі адам қаза тапты

Польшаның Краков қаласында болған дүлей дауылдан 2 адам мерт болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұмдардың үстіне 20 метрлік кран құлаған. Тағы 2 құрылысшы жарақат алды. Дауылдан екі рейстің бағыты өзгертілді. Табиғаттың тосын мінезінен Польшаның батысы мен оңтүстігі шығынға батты. Аймақтағы инфрақұрылым күйреп, баспаналарға зақым келген. Қазір апат салдарын жою жұмыстары басталды.