Кубада коронавирус жұқтыру дерегі 80% төмендеді

Кубада коронавирус жұқтыру дерегі 80% төмендеді

Елде омикрон штамымен тиімді күрес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік вакциналаудың жоғары көрсеткіші жақсы нәтижесін беріп жатыр дейді. Халықтың 94 проценті бірінші дозаны, ал 87 проценті толық вакцина салдырған. Осының арқасында коронавирус жұқтыру деңгейі соңғы айларда 80 процентке төмендеген. Куба отандық екпелерін өндіріп, әлемде алғашқы болып, 2 жастан асқан балаларға дейін вакцина салды.