Донбасста атысты тоқтату режимі 870 рет бұзылды

Украинадағы Донбасста ақпанның 17-сі күні атысты тоқтату режимі 870 мәрте бұзылған. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы хабаралады.

Жағдайға байланысты халықаралық ұйым тараптарды шиеленісті бәсеңдету үшін шаралар қабылдап, арандатушылық мәлімдемелерге жол бермеуге шақырды. Ал тараптар атысты тоқтату режимін бұзды деп бір-бірін айыптап отыр. Осы ретте ресми Киев Украина күштеріне жала жабу үшін Донбасста лаңкестік әрекет жасалуы мүмкін екенін айтады.