Аргентинадағы өрт 800 мың гектар орманды күлге айналдырды

Аргентинадағы өрт 800 мың гектар орманды күлге айналдырды

Аргентинаның солтүстік-батысындағы Корриентес аймағында орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айында тұтанған қызыл жалын 800 мың гектар жерді күлге айналдырып үлгерді. Өрттен көптеген жануарлар қырылып, ауыл шаруашылығына орасан шығын келген. Аптап ыстық салдарынан тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр – дейді мамандар.