Нидерландта «Юнис» дауылының салдары орасан шығын әкелді

Нидерландта «Юнис» дауылының салдары орасан шығын әкелді

Амстердам қаласының билігі «Юнис» дауылынан келген шығын көлемін анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24.

Күшті желден Нидерландта 3 адам опат болды. Марқұмдардың екеуін ұйытқып соққан желге шыдамай тамырымен жұлынған алып ағаш басып қалған. Дүлей дауылдан жер үйлердің шатыры ұшып, электр бағаналар құлаған. Ал ауа райын болжаушыларның хабарлауынша, жел екпіні сағатына 130 шақырымға жеткен.