Аргентинада орман өрті өршіп тұр

Аргентинада орман өрті өршіп тұр

Аргентинаның Корриентес  провинциясында орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жау 800 мың гектар жер телімін тып типыл еткен. Қызыл жалын аймақтағы жан-жануарларға қауіп төндіруде.

Мамандардың айтуынша, өрт орманда ғана емес, жазық алқапта да тез тарап барады. Апатты ауыздықтау жұмыстарына еріктілер де тартылған. Мамандар өрттің шығуына аптап ыстық пен қуаңшылық себеп дейді. 

СИЦИЛИЯДА ЭТНА ЖАНАРТАУЫ ОЯНДЫ

Ал Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы оянып белсенділік танытқан.  Одан шыққан қою қара түтін 12 шақырым биіктікке көтерілді. Осыған орай  жақын маңдағы Катания әуежайы уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жанартаудың атқылауы бірнеше сағатқа жалғасқан. Апаттан мерт болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең қауіпті, әрі белсенді жанартаулардың бірі болып саналады.  Зерттеулерге сәйкес әр 150 жылда жанартау жақын маңдағы елді мекеннің тас талқанын шығарады.