Өзбекстанда билік электр қуатын үнемдеу шараларын қолға алды

Өзбекстанда билік электр қуатын үнемдеу шараларын қолға алды

Өзбекстанда электр қуатын үнемдеу мәселесін түбегейлі шешу әзірге мүмкін емес.

Себебі тұрғын үйлер мен ғимараттарда энергия тұтыну көлемі шамадан тыс жоғары. Қолданыстағы құрылыс нысандарын салу технологиясы энергия үнемдеуге арналмаған. Үйлердің қабырғасы жұқа болғандықтан, әр пәтерде қосымша жылыту пештері пайдаланылады. Мәселе кейінгі кезге дейін өзекті саналмай келді. Мемлекетте электр қуатының жетіспеушілігі пайда болысымен жағдай өзгерді. Қыс мезгілінде көпқабатты үйлер шаршы метріне сағатына әдеттегідей 100 емес, 400 киловатт электр энергиясын тұтынады. Өндірілген қуат көзінің 50 проценттен астамы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға беріледі. Осыған байланысты билік ескі «Ильич шамдарын» да қолдануға тыйым салды.

Санжар Қасымов, Энергетика министрлігі электр қуатын үнемдеу департаментінің бас маманы:

– 2017 жылдан бастап ескі шамдарды ел аумағында сатуға рұқсат жоқ. Содан бері жағдай сәл де болса жақсарды. Қолданушылар азайды. Ал диодты шамдар одан 15 есе тиімдірек. Әлеуметтік нысандарда энергия үнемдеу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Құзырлы министрлік мәселені құрылыс саласы өкілдерімен бірлесіп шешпек. Негізгі технологияға өзгеріс енгізіп, жаңа нысандардың қабырғасын қалыңырақ тұрғызу міндеттеледі.