Венесуэлада әскери тікұшақ апатынан екі сарбаз мерт болды

Венесуэлада әскери тікұшақ апатынан екі сарбаз мерт болды

Венесуэланың батысында әскери тікұшақ құлап, 2 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 жауынгер жараланған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесі Ресейде жасалған. Куәгерлер әскерилердің тікұшақтан шығуына тұрғындар көмектескенін айтады. Апат себебі әзірге белгісіз.