Испанияда омикрон штамы мейрамхана бизнесіне кері әсерін тигізді

Испанияда омикрон штамы мейрамхана бизнесіне кері әсерін тигізді

Елдегі мейрамхана бизнесі коронавирус кесірінен 1,5 млдр еуро көлемінде шығынға ұшыраған. Бұл туралы сол елдің кәсіпкерлер ұйымының төрағасы мәмілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап өту керек, бүгінгі күнге дейін 12 жастан асқан испандықтардың 90%-ке жуығы коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген. Дей тұрғанмен, қаңтар айынан бері қарқын алған коронавирустың омикрон штамы, әсіресе, Испанияның мейрамхана бизнесіне кері әсер етті. Атап айтқанда, бір ай көлемінде кафе-мейрамханалар түнгі он бірге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат алған. Туристердің барлығынан екі рет екпе алғаны туралы сертификат талап етілген. Мейрамхана іші «50 процент қана адам» қағидасы бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болды. Карантин тәртібін сақтамаған тұрғындар, айталық ковид паспортынсыз ресторанға кірген адамға 600, ал мейрамхана иелеріне 30 000 еуро көлемінде қатаң айыппұл салынды.

Вероника, кәсіпкер:

– Короновирустың алтыншы толқыны Испанияның ресторан бизнесіне мол шығынын келтірді. Қатаң карантин тәртібіне шыдай алмаған көптеген мейрамханалар, әсіресе, Барселона қаласында омикрон кезінде көптеп жабылды. Ең қиыны – билік тарапынан салынған айыппұл көлемі отыз мың еуроға жетті, осы айыппұлға ілінген ресторан бизнесі өздерін банкрот деп жариялауға тура келді.