Грузияда халықаралық гидтер күні аталып өтті

Грузияда халықаралық гидтер күні аталып өтті

Бұл шара соңғы екі жылдан бері ұйымдастырылып тұрғаны осы. Өйткені пандемияға дейін бұл іс-шараға ондаған жолнұсқаушы мен жүздеген турист жиналатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда індет осы мамандық иелеріне ауыр тиді. Дегенмен Грузия гидтері кәсіби мейрамында бас қосып, жаңа туристтік бағыттарды талқылап, Тбилисиде экскурсиялар өткізді. Гидтер іш пыстырар деректерден қызық әңгіме құрып, жұртты беймәлім қалалармен таныстырады. Пандемияның салдарынан қатты зардап шеккен мамандық иелері өз мерекесі кезінде конференцияға жиналды. Грузияның түрлі қалаларынан келген жолнұсқаушылар жаңа бағыттарды дамыту жолдары мен елдің туристтік әлеуетін талқыға салды.  

Русудан Джапаридзе, Грузия гидтер қауымдастығының мүшесі:

– Ең қиыны – әрдайым көңілді болу. Тәулігіне 24 сағат күлімдеп жүру керек, өйткені саған қарап елді бағалайды. Оған қоса туризм бұл бизнес. Яғни қонақтарымыз достарына елімізге саяхат жасауға кеңес беріп, өздері де қайтып келуі керек. Ал мұның бәрі гидтің көңіліне байланысты.

Пандемия кесірінен туризмге қатысы бар бүкіл мамандықта, яғни қолөнершілер, шарап жасаушылар мен шеберлердің де күнкөрісі қиындап кетті. Екі жылға созылған үзіліс бәріне ауыр тиді. 

Тимур Пцкаташвили, Грузия гидтер қауымдастығының мүшесі:  

– Бұл біз үшін нағыз сын-қатер. Үзілістен кейін жұрттың саяхаттарға қызуғышылығы арта түседі деп ойлаймын. Біз осы екі жылда үлгермеген жұмысымызды бір маусымда бітіруіміз керек. Қонақтарымыз Грузиядан жақсы әсер алатынына үміттімін. Бәріне қош келдіңіздер дегім келеді.

Шара аясында гидтер Тбилисидің тарихи бөлігін өтіп, тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты. Жолнұсқашулардың болашаққа сенімі зор және олар туристтерді асыға күтуде.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили