Путин Донбасста әскери операция бастайтынын мәлімдеді

Ресей президенті Донбасста арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы  Владимир Путин өз азаматтарына жолдаған шұғыл үндеуінде жариялады.

Кремль басшысы бұл шешімін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына және Федерация Кеңесінің санкциясына сәйкес деп негіздеген.

Путин мәлімдемесінде: «Біз Украинаны қарусыздандыруға және нацизмнен арылтуға ұмтыламыз, Украинаны басып алу біздің жоспарымызға кірмейді», - деді.