Зеленский Ресей халқына орысша үндеу жолдады

Украина президенті Ресей халқына орыс тілінде арнайы үндеу жолдады.

Владимир Зеленский: «Бізге қырғиқабақ соғыс та, ашық қырғын да, гибридті қақтығыс та керек емес, біз мұны қаламаймыз», - деді. Сондай-ақ ол «біз шабуыл жасамаймыз, бірақ елімізді, бостандығымызды, балаларымыздың өмірін қорғауға дайынбыз» деп мәлімдеді. Бұдан басқа Зеленский «бізді ұлтшылдар деп айыптайды, бұл қате ұғым, сіздердің жаңалықтарыңыздағы Украина мен шынайы өмірдегі Украинаның арасы жер мен көктей» деді. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Мен Ресей Федерациясының президентімен телефон арқылы сөйлесу бастамасын көтердім. Бірақ ол үнсіз қалды. Бүгін Донбасста үнсіздік орнауы мүмкін. Сондықтан Ресей халқына президент емес, Украина азаматы ретінде үндеу жасағым келеді. Бізді 2 мыңнан астам шақырым ортақ шекара бөліп тұр. Ол жерде қазір сіздердің 200 мыңдай сарбаз бен мыңдаған әскери техника тұр. Сіздердің басшыларыңыз басқа елдің жеріне басып кіруді құптап отыр. Еуропа құрлығындағы үлкен соғыстың бастамасы болу қаупі төніп тұр. Бұл қырғынды кім тоқтата алады? Әрине халық!