Ресейдегі ірі компаниялардың акциялары құнсызданды

РИА Новости

Ресейдің қор және қаржы нарықтарындағы құлдырау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу биржасының индексі 35 проценттен астам төмендеді. ірі компаниялардың акциялары да құнсызданды. Мысалы, Газпром мен Лукойл акциялары 40, Сбер 30, ал Яндекс акциясы 30 процентке арзандады. Ал рубльге шаққандағы доллар бағамы 10 процентке қымбаттап, тарихи максимумға жетті. Еуропада 1 текше метр газ құны болса, 1 жарым мың долларға тақады. Бұл өткен желтоқсан айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.