Боливияда су тасқынынан 4 адам қаза тапты

Боливияда су тасқынынан 4 адам қаза тапты

Боливияның оңтүстік-шығысында болған су тасқынынан 4 адам қаза тапты.

Ақпарат көздері тағы 20 тұрғынның із-түзсіз жоғалғанын хабарлайды. Олардың көбі бала екені белгілі. Құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазір елдің азаматтық қорғаныс әскері зардап шеккендерге ас-су жеткізуде.

Айта кетейік, өткен аптада басталған жауын-шашыннан Пилкомайо өзені арнасынан асып, салдарынан тасқын басталған. Кейбір өңірлерде лай көшкіні жүрді. Табиғат апатынан ондаған баспана қирады. Елдің 10 муниципалитеті орасан зор шығынға батты.