Украинаның шығысында әскери қақтығыс жалғасып жатыр

Бірақ ахуалға байланысты түсіп жатқан мәліметтер әртүрлі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина шекара қызметінің мәлімдеуінше, Ресей әскері бес облысты кесіп өтіп, әскери қимылдарға көшкен. Бірақ әскери күштердің бірінші шабуылына тойтарыс берілген. Алғашқы ұрыс кезінде Ресейдің бірнеше ұшағын атып түсірген, бірқатар техникасы талқандалған. 50-дей сарбазы жойылған. Ахуалға байланысты Беларусьпен шекарадағы барлық бекеттер және елдегі Азаматтық әуе кеңістігі жабылған. Ал Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл елдің қарулы күштері Украинаның әуе қорғанысы жүйесіне соққы беріп, әуе базалары инфрақұрылымын істен шығарған. Салдарынан Украина әскерилері өзінің позицияларын тастап кетіп жатқанын айтады. Алайда ресми Киев бұл ақпарды жоққа шығарып отыр.