Украинадағы қазақстандықтар елге Польша арқылы жеткізіледі

Украинадағы қазақстандықтар елге Польша арқылы жеткізіледі

Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен шығару жоспарланып отыр.

Катовицеден рейстің ұшуы 26-ыншы ақпанда жергілікті уақыт бойынша түнгі екіде болады. Жолаушылар ҚР Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша рейске тіркеледі. Қазақстандықтар ол үшін 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнена көшесі 3/1 мекен-жайындағы еліміздің консулдығына жиналуы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін экранда көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 

+38 032 240-36-70

+38 067 989-28-19