Бейбіт өмірді қалаймыз – мәскеуліктер

Ресей мен Украина арасындағы ушыққан жағдайға алаңдаған өзге ел тұрғындары наразылық акцияларын ұйымдастырып жатыр.

Кеше кешкісін Мәскеу тұрғындары бой көтерді. Жиналғандар екі ел арасындағы соғысқа түбегейлі  қарсы екенін білдірген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдің бірнеше өңіріндегі наразылық шарада 1 мыңнан астам адам қамауға алынды.

Венгрия мен Польша елдерінде де халық ереуілге шықты. Будапешт пен Варшава қалаларында көтерілген жұрт  бейбіт өмірдің орнауын қалайтынын білдірді.

Париж қаласында да француздар ереуілге шықты. Белсенділер алаңға Украина, Грузия мен Еуроодақтың туларын ұстап шыққан. Наразылар екі елде де атыс-шабысты дереу тоқтатып, бейбіт келісімге келуге шақырды. Дәл осындай наразылық акциялар Мексика мен АҚШ-та да ұйымдастырылған.