АҚШ-та вакцина салдыру мерзімінің аралығы ұзарды

АҚШ-та вакцина салдыру мерзімінің аралығы ұзарды

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 12 жастан асқандарға ковид екпесінің екінші дозасын 8 аптадан кейін алуға кеңес береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін бірінші және екінші дозаның аралығы 3-4 апта болатын. Мұндай өзгеріс Pfizer және Moderna компаниялараның вакцинасына қатысты. Мамандардың айтуынша, жаңа зерттеулердің қорытындысы екі дозаның интервалы ұзағырақ болса, ковидке қарсы тиімділікті әдәуір арттыратынын көрсеткен. Оған қоса, иммундық жүйеге екі ай уақыт беру арқылы вакциналаудан пайда болуы мүмкін жүрек қабынуы сияқты жанама әсердің алдын алуға болады.

Меган Рани, дәрігер:

– Вакцина алудың тәртібі өзгеріп тұрады. Алдағы уақытта ол тұмауға қарсы салынатын вакцина сияқты болмақ. Америкалықтардың үштен бірі ковид вакцинасының бірінші дозасын да алмаған. Біз сол азаматтармен жұмыс істеп, екпе салдыртуымыз қажет. Ал екі дозаны алғандар мен 50-ден асқандар бустер дозасын қабылдау керек. Сонымен қатар келер күзден бастап иммундық жүйесі нашар адамдар екпенің төртінші дозасын алуы тиіс, себебі олардың індетке қарсы тұруы әлсірей бастайды.