Польша Украинаны Еуроодаққа тезірек қабылдауға шақырды

Украинадағы қазақстандықтардың елге жетуіне қатысты ақпаратты алдағы уақытта үзбей хабарлап отыратын боламыз.

Ал осылай шекарада кептеліс туындап, ел бала-шағасымен аласапыран күй кешіп Польшаға жете алмай жатқанда Польша президенті Анджей Дуда Украинаны тездетіп Еуроодаққа мүшелікке қабылдауға шақырды. Үміткердің мәртебесі жедел ұсынылып, артынша мүшелікке өту туралы келіссөздер басталуы қажет, деген Дуда өзінің твиттердегі парақшасында. Бұдан бөлек Польша басшысы Украинаны қайта қалыпқа келтіру жұмыстары үшін оның одақ қаражатына қол жеткізуі тиіс екендігін де атап өтті.