Ресейлік телеарналар Еуропалық хабар тарату одағынан шықты

Ресейдің «Бірінші телеарнасы» мен Бүкілресейлік Мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы Еуропалық хабар тарату одағынан шығады.

Аталған мекемелер осындай мәлімдеме жариялады.

«Бұл Ресейдің «Евровидение-2022» ән байқауынан шеттетілуіне қарсы жауап» делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, 25 ақпан күні Еуропалық хабар тарату одағы Ресейді музыкалық байқауға қатыстырмау туралы шешім қабылдаған еді.