ЕО Украинаға қару-жарақ пен атқыш ұшақтар жеткізеді

«Кремль басшысы Владимир Путиннің Ресей әскерінің тежеу күштерін ерекше режимге көшіру туралы шешімі Еуропалық Одаққа жаңа санкциялар енгізуге еш кедергі жасай алмайды». Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еуроқауымдастықтың жаңа «қара тізіміне» ресейлік бизнесмендер кіреді. Сондай-ақ ресми Брюссель Украинаға қару-жарақ пен атқыш ұшақтар беруге шешім қабылдады.

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

– Украина әскеріне 450 млн еуроға қару-жарақ және 50 млн еуроға жанармай мен қорғаныс заттарын беруге шешім қабылдадық. Бұл қаражат Бейбітшілік жөніндегі үкіметаралық Еуропа қорынан бөлінеді. Біз мұндай қадамға тарихта алғаш рет барып отырмыз. Бұл шешімді Еуроодақ елдерінің барлық Сыртқы істер министрлері мақұлдады.

Сонымен қатар, Боррель Еуроодақ Ресейді SWIFT-тен толық ажырата алмайды, өйткені көптеген ресейлік компаниялардың жұмысы басқа елдердің экономикасымен тығыз байланысты деЙді. Дипломатия басшысы «Еуроодақ Иранмен қатысты жағдайдан сабақ алып, адамдар туған-туысына ақша жіберіп, қажет заттарды сатып алуы үшін Ресейдің қаржы жүйесіне сәл де болса жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр» деп сөзін толықтырды.