Отандық туристік нысандардың танымалдығы артқан

Отандық туристік нысандардың танымалдығы артқан

2025 жылға қарай туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Ведмство басшысының айтуынша, қазір еліміздің ішкі туризмін дамытуда бірқатар инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар қолға алынған. Сонымен қатар Отандық туристік нысандардың шетелдік азаматтар арасында танымалдығы артқан. Lonely Planet жаһандық баспасының нұсқасы бойынша Қазақстан «үздік қонақ үйлер» номинациясын жеңіп алды. Ал француздық Le Figaro басылымы былтыр Қазақстанды баруға ұсынылған 21-дестинация тізіміне қосты. Министр, туристік саланы цифрландыру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. Шетелдік туристерді есепке алатын E-Qonaq электрондық өнімі іске қосылған.