Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі басталды

Беларусьтің Припять өзені ауданында Украина мен Ресей делегацияларының келіссөздері басталды.

Бұл туралы БЕЛТА хабарлайды.

Ресей делегациясын президенттің көмекшісі басқарады. Украина жағынан басқосуға Қорғаныс министрі, «Слуга народа» фракциясының басшысы және Сыртқы істер министрінің орынбасары келген.

Айта кеткен жөн, кеше Ресей делегациясы Беларусьтің Гомель қаласына келіссөздер жүргізу үшін келгендерін мәлімдеді. Владимир Зеленский диалог жүргізетін алаң ретінде Беларусьтің таңдалуына қарсы болған. Өйткені бұл елдің аумағынан Украинаға зымырандар ұшырылатынын айтқан. Дегенмен, Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесу барысында Беларусь президенті келіссөздер кезінде ұшақтар, тікұшақтар мен зымырандарын ұшырмайтынын жеткізді.